Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Talbesik» этно-орталығында ашық аспан астында Ілия Жақановтың 90 жылдық мерейтойына арналған ерекше әдеби-музыкалық композиция көрсетілді.

    21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Talbesik» этно-орталығында ашық аспан астында Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ музыкасының көрнекті тұлғасы, композитор Ілия Жақановтың 90 жылдық мерейтойына арналған ерекше әдеби-музыкалық композиция көрсетілді.
    Жайлаудың жұпар лебі аңқыған, ән мен естелік астасқан бұл кеште көрермендер Ілия ағамыздың шығармашылық әлемімен сырласып, «Жайлаукөл кештері» әнінің тарихымен танысып, гитара сүйемелімен орындалатын әсерлі музыкалық қойылымды тамашалады.
    Кеш атмосферасы ретро стильде безендіріліп, ортадағы алау оты мен кітап макеттері ұлттық рух пен өнердің үндестігін бейнеледі.

        

 

Яндекс.Метрика