Кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Әлем кәсіби білім беру колледжінде Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдық мерейтойына орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Ұлт рухының шамшырағы» тағзым кеші өтті.
Іс-шара барысында жазушының өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылып, ұлт тағдыры мен ел бірлігін арқау еткен туындылары, оның қазақ әдебиетіндегі айрықша орны жан-жақты атап өтілді.
Сонымен қатар, қатысушыларға жазушының белгілі шығармалары таныстырылып, ондағы тарихи шындық пен көркемдік шеберліктің үйлесімі туралы мазмұнды мәліметтер берілді. Шара аясында ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасалып, оқырмандарға қаламгердің еңбектері кеңінен насихатталды.
