Қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай Жеңіс саябағында «Жамбылдың жыр керуені» атты көшпелі кітап көрмесі өтті.
Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылып, елдік пен ерлікті дәріптейтін жалынды жырлары оқылды. Сондай-ақ оқырмандар назарына ақынның әр жылдары жарық көрген жыр жинақтары, зерттеу еңбектері мен естеліктері ұсынылды.
