Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай «Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы - жастар» zhastar Life жастарға арналған іс-шара ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту, білімге, мәдениетке және ел болашағына деген жауапкершілігін қалыптастыру.

Кездесу барысында жастардың білім алуы, өзін-өзі дамытуы, кітап оқуы, жаңа мүмкіндіктерге ұмтылысы және қоғам өміріне белсенді араласуы туралы ой-пікірлер ортаға салынды. Жастардың тарихи-мәдени құндылықтарға қызығушылығын арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту, командалық жұмыс пен ұйымшылдықты қалыптастыру мақсатында «Тарихи Тараз» квест ойыны ұйымдастырылды.

Квест ойынына 8 команда қатысып, Тараз қаласының тарихи және мәдени орындарын қамтыған 5 локация бойынша түрлі танымдық және командалық тапсырмаларды орындады.

  

Яндекс.Метрика