Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА МОТИВАЦИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 «Заң және тәртіп» қағидаты аясында кітапхана қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Құқықтық сауаттылықты арттыру» тақырыбында мотивациялық кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейту, күнделікті өмірде және кәсіби қызмет барысында кездесетін құқықтық мәселелер бойынша ақпарат беру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқық қорғау органдары қызметінің маңыздылығын түсіндіру.

Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары Каукешова Айкерим Асанқызы мен Абдибеков Кемеңгер Талапұлы қатысты.

Кездесу барысында құқықтық сауаттылықтың маңызы, азаматтардың заң алдындағы құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткі қылмысына қарсы күрес және қауіпсіз қоғам қалыптастыру мәселелері сөз болды.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу қызметкерлердің құқықтық білімін толықтырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға оң ықпал етті.

Құқықты білу – өз құқығыңды қорғаудың алғашқы қадамы!

 

  

Яндекс.Метрика