Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

АҚЫН АЙША КӨПЖАСАРОВАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ӨЛЕҢ – КИЕ. ӨЛЕҢ – ӨРЕ. ӨЛЕҢ – РУХ» АТТЫ ӘДЕБИ БУРИМЕ ӨТТІ

«ӨЛЕҢ – КИЕ. ӨЛЕҢ – ӨРЕ. ӨЛЕҢ – РУХ» ӘДЕБИ БУРИМЕ

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT-лицей-интернатында Тараз өлкесінің талантты перзенті, облысымыздың мақтанышы – ақын Айша Көпжасарованың шығармашылығына арналған «Өлең – кие. Өлең – өре. Өлең – рух» атты әдеби буриме өтті.

Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолы кеңінен таныстырылып, оның сырлы да сезімге толы жырларынан үзінділер оқылды. Ақынның қаламынан туған өлеңдердің тақырыптық, көркемдік ерекшеліктеріне тоқталып, шығармашылығына арналған кітап көрмесіне шолу жасалды.

Сонымен қатар, оқушылар ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап, әдеби-сазды композициялар ұсынды. Ән мен жыр астасқан кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлап, ақын шығармашылығының сан қырын ашуға мүмкіндік берді.

Тағылымы мол әдеби кеш соңында қатысушылар ақын шығармашылығына жылы лебіздерін білдіріп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Мұндай рухани кездесулер жас ұрпақтың кітап оқуға, өлең мен өнерді қадірлеуге деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға зор ықпал етеді.

 

      

Яндекс.Метрика