Жаңалықтар
«ШОҚАН УӘЛИХАНОВ - ҒАЛЫМ, САЯХАТШЫ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФ» ТАҚЫРЫБЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ2025-12-05 19:00:14
Кітапхана және Жамбыл Политехникалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Шоқан Уәлиханов - ғалым, саяхатшы және этнограф» тақырыбында конференция өтті. Конференцияның мақсаты: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы арқылы ұлттық тарихқа деген құрметті қалыптастыру, Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын зерделеу, Шоқанның саяхаттары мен зерттеулері арқылы этнографиялық білімді тереңдету. Ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында «Шығыс әлемінің шолпаны» кітап көрмесін ұйымдастырып, ғалымның еңбектеріне библиографиялық шолу жасап,...
Толығырақ3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне орай «Өнерім – жанарымның шырағы» атты сырласу кеші өтті2025-12-05 18:57:52
3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне орай Қазақ зағиптар қоғамы Жамбыл облыстық филиалында ерекше жандардың таланты мен өмірлік жігерін дәріптеуге бағытталған «Өнерім – жанарымның шырағы» атты сырласу кеші өтті.
Шараның мақсаты – көру қабілеті шектеулі азаматтардың шығармашылық әлеуетін таныту, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру және өмірге деген құлшынысын насихаттау болды. Кеш барысында қатысушылар жүрекке жылы әсер қалдырған әуезді әндер шырқап, әсерлі...
Толығырақ«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – БІЗДІҢ ҰСТАНЫМ» АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ2025-12-05 18:54:33
Бүгін «Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіру және адалдық, әділдік қағидаттарын насихаттау болды.
Шараға Тараз қаласы, Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы, Полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімше инспекторы, халықпен профилактикалық жұмыс жөніндегі маман,...
Толығырақ«АДАМ – КЕРУЕН, ӨМІР – ЖОЛ» ӘДЕБИ АЛТЫБАҚАН2025-12-05 18:50:52
Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығында 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне орай кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Адам – керуен, өмір – жол» атты әдеби алтыбақан өткізілді.
Шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға рухани қолдау көрсету, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау, кітап оқу мәдениетін насихаттау және өмірге деген құлшынысын арттыру болды.
Әдеби алтыбақан барысында қатысушылар танымдық сұрақтарға жауап беріп, қазақ...
ТолығырақБАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ 115 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ МҰРАЛАРЫ: ТАРИХ ПЕН ТАНЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ2025-12-01 11:20:40
Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, әскери қайраткер Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған «Бауыржан Момышұлының мұралары: тарих пен таным» Республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.
Республикалық ғылыми-теориялық конференцияның мақсаты – Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік тағылымын терең зерделеу, оның әскери-стратегиялық мұрасын, әдеби шығармашылығын және ұлттық рухани құндылықтарға қосқан үлесін ғылыми тұрғыдан қарастыру. Сонымен қатар, батырдың тарихи тұлғасын жаңа қырынан ашу, архивтік деректер мен...
Толығырақ«ӨЗ ТАҒДЫРЫН ҚАЗАҚ ӨНЕРІМЕН ҰШТАСТЫРҒАН КОМПОЗИТОР» МУЗЫКАЛЫҚ ҚОБДИША2025-12-01 11:15:05
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде Қазақстанның халық артисі, көрнекті композитор Евгений Брусиловскийдің 120 жылдығына арналған «Өз тағдырын қазақ өнерімен ұштастырған композитор» атты музыкалық қобдиша өтті.
Шарада композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнефильм көрсетіліп, «Қыз Жібек» операсынан «Толқыма» ариясы, оның өңдеуіндегі «Шолпан» халық әні және «Балбырауын» күйі орындалды.
Қатысушылар қазақ музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Брусиловскийдің рухани мұрасының маңызын атап...
ТолығырақМІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 140 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КӨСЕМІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДЕБИ МОНОГРАФИЯ ӨТТІ2025-12-01 11:10:24
Қазақ халқының ұлт азаттығы үшін күрескен қайраткер, ақын, жазушы, ағартушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Алаш қозғалысының көсемі» тақырыбында әдеби монография өтті.
Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныту, оқырмандардың елдік, отаншылдық сезімдерін ояту, ұлт зиялыларының мұрасын қастерлеуге баулу мақсатында өткен іс-шараға Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Меңдібай...
Толығырақ«ӘЙЕЛГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ – БОЛАШАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ2025-12-01 11:03:11
Қоғамдағы гендерлік теңдік қағидаттарын насихаттау, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ отбасы мен қоғамдағы әйел рөлінің маңызын таныту мақсатында «Әйелге қамқорлық – болашаққа қамқорлық» атты кітапхана қызметкерлеріне арналған іс-шара өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар гендерлік саясаттың негізгі бағыттарымен танысып, әйелдерге көрсетілетін қолдаудың қоғам дамуына тигізетін әсері туралы жан-жақты мәлімет алды. Сонымен қатар қатысушылар пікірталасқа қатысып, отбасыдағы сыйластық, гендерлік тең мүмкіндіктер және...
Толығырақ«TEMIR SKILLS» ОБЛЫСТЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫ ӨТТІ2025-12-01 10:59:14
Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде бүгін «Temir Skills» облыстық кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – студенттердің кәсіби дайындығын бағалау, олардың шеберлігін шыңдау, кәсіптік сала бойынша тәжірибе алмасу және үздік жас мамандарды анықтау.
Іс-шараға өңір колледждерінің ең үздік студенттері қатысып, түрлі кәсіби бағыттар бойынша бақтарын сынады. Қатысушылар өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жоғары деңгейде көрсетіп, мамандыққа деген қызығушылықтары...
Толығырақ«ТУҒАН ЖЕРІН ӘН ЕТКЕН ЕСКЕНДІР» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘН МАРАФОНЫ ӨТТІ2025-11-25 11:28:34
Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығында қазақ ән өнерінің көрнекті өкілі, композитор, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдық мерейтойына орай «Туған жерін ән еткен Ескендір» тақырыбында кең көлемді ән марафоны ұйымдастырылды.
Шараға Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармонияның өнерпаздары, мәдениет саласының қызметкерлері және Ескендір ағаның шығармашылығын құрмет тұтатын тыңдармандар қатысты. Композитордың елге кеңінен таралған «Атамекен», «Ескірмеген махаббат», «Әдемі-ау»...
Толығырақ