Жаңалықтар
Жазушы Пернебай Дүйсенбиннің «Жұмбақ жұлдыз жымыңы» кітабына әдеби шолу өтті2025-10-13 17:57:05
Қазақстан Жазушылары Одағының мүшесі, Сарысу ауданының Құрметті азаматы, «Дарабоз» сыйлығының екі дүркін иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Пернебай Дүйсенбиннің «Жұмбақ жұлдыз жымыңы» кітабына әдеби шолу өтті.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған бұл кітапта балаларға арналған әңгімелер, қиял-ғажайып ертегілер, мифтік-фантастикалық хикаяттар топтастырылған.
"Ақбоз", "Көкжал", Жансая апа және төрт ноян" атты мифтік-фантастикалық хикаяты, "Есен-сау жүріңізші, асыл ата" повестері таныстырылды.
«Құндылық кілті – келісім мен татулық» Рухани келісім – тұрақтылықтың іргетасы айлығы аясында маңызды кездесу өтті2025-10-13 17:53:55
18 қазан – Қазақстан Республикасындағы Рухани келісім күніне орай, «Құндылық кілті – келісім мен татулық» атты кездесу ұйымдастырылып, оған Жамбыл облыстық діни басқармасы мамандары қатысты.
Кездесу барысында қоғамдағы рухани тұрақтылық, дінаралық келісім мен ұлтаралық татулық тақырыптары кеңінен қозғалды. Мамандар діннің адамгершілік құндылықтарды насихаттаудағы орны, жастар тәрбиесіндегі маңызы және діни сауаттылықты арттыру жолдары туралы өз ойларымен бөлісті.
Іс-шараның басты...
Толығырақ«ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР ҰЛЫ -БАУЫРЖАН » БАУЫРЖАНТАНУ САҒАТЫ2025-10-06 17:57:23
Кітапхана Жамбыл облысы тұрғындары, әсіресе жастар арасында жергілікті әдебиет туындыларын оқу, өлке тарихын, табиғатын, әдебиетін насихаттау мақсатында «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында Ұлы Отан соғысы жылдарында ел мен жер үшін от кешкен батыр, тірісінде аты аңызға айналған қазақтың жауынгер ұлы, қолбасшы, ерліктің ерен үлгісі Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың батыр ұлы -Бауыржан » атты Бауыржантану сағатын...
ТолығырақКонституция қабылданғанына 30 жыл: «Мемлекеттің берік тұғыры» атты жастармен кездесу өтті2025-08-26 18:10:44
Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай Тараз қаласында «Мемлекеттің берік тұғыры» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Атаулы шара жастардың ел тарихына деген құрметін қалыптастыру, мемлекеттік құндылықтарды дәріптеу, патриоттық сезім мен құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында өткізілді.
Іс-шараға Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыру және жастар бастамаларын қолдау секторының меңгерушісі Каленова Ұлжан Медербекқызы, «Асыл Арман» өнер ұжымы, №3...
Толығырақ«АҚИҚАТТАН АТТАУҒА БОЛМАЙДЫ» КІТАБЫНА АРНАЛҒАН «ТАРИХТЫҢ ТӨРІНДЕГІ ТҰЛҒА» ОЙ ТАЛҚЫ КЕШІ ӨТТІ2025-08-26 18:02:19
Кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті тұлға – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың естелік эсселерінен құралған «Ақиқаттан аттауға болмайды» кітабына арналған «Тарихтың төріндегі тұлға» ой талқы кеші ұйымдастырылды.
Іс-шараға арнайы филология ғылымының докторы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры Сәмен Құлбарақ, Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы Асқарбеков Қибат Тлеуқұлұлы, белгілі журналист және қоғам қайраткері Жаңабай Миллионов, жазушы, журналист,...
Толығырақ«НАЗДЫ ӘУЕН ӘЛДИЛЕНГЕН БЕСІГІМНЕН...» BOOK-PARTIES 2025-08-26 17:58:50
Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы, әдебиет зерттеушісі, өнер тарланы Тәкен Әлімқұловқа арналған «Назды әуен әлдиленген бесігімнен...» атты BOOK-PARTIES өтті.
Кітапхана қызметкерлері саябақ демалушыларына қазақ прозасының көрнекті өкілі Тәкен Әлімқұловтың шығармашылық мұрасын, ұлттық өнер, күй, музыка тақырыбындағы туындыларымен таныстырды.

«АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МАҚТАНЫШЫ» КІТАП КӨРМЕСІ2025-08-26 17:53:45
Кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5513 әскери бөлімінде қызмет ететін офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге қазақтың ұлы ақыны, ойшыл және қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының мақтанышы" кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мақсаты: Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау, оның рухани мұрасын оқырман қауымға таныту және ұлттық...
ТолығырақТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ – БАРШАМЫЗДЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ!2025-08-26 17:49:40
Кітапхана қызметкерлері ҚР ТЖМ Жамбыл облысы ТЖД Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барып, өрт сөндірушілердің күнделікті қызметі, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету алгоритмдері және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстары мен қызметкерлердің кәсіби дайындығымен танысты.
Өрт қауіпсіздігін сақтау – әр азаматтың парызы.
Төтенше жағдайда 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу керектігін естен...
Толығырақ«ШЫРҚАЛА БЕРСІН, ШӘМШІ ӘНІ!» АТТЫ ӘН КЕШІ ӨТТІ2025-08-26 17:45:19
«Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығында» «Қазақ вальсінің королі» атанған көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай «Шырқала берсін, Шәмші әні!» атты ән кеші өтті.
Шәмші Қалдаяқов – 300 ге жуық әннің авторы, олар тақырыптық, мазмұндық ауқымы кең, отан, туған жер, махаббат сынды құнды дүниелерге арналады
Әндері:
Лирикалық: «Ақ ерке – Ақ Жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы»,...
ТолығырақАБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ2025-08-26 17:39:46
Кітапхана ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасымен бірлесе отырып, ұлы ойшыл, хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби кездесу өткізді.
Кештің құрметті қонағы – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұржан Әліш.
Іс-шара барысында шекара қызметкері Қайролла Жантөре Шалқарұлы "Адай" күйін нақышына келтіріп орындаса, әріптесі Серікбай Бекжан Бағланұлы хакім Абайдың «Күз» өлеңін жатқа айтты. Кездесу...
Толығырақ