Кітапханада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары мен алдағы міндеттер қарастырылды.
Атап айтқанда, елдегі инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру мен мәдениет саласын дамыту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу, халықтың әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту мәселелері сөз болды.
Кітапхана ұжымы Жолдауда көтерілген міндеттердің маңыздылығына тоқталып, кітапхананың қоғамдағы ақпараттық-ағартушылық рөлі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар оқырмандардың білімін жетілдіру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және заманауи ақпараттық технологияларды кітапхана жұмысына тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында ұжым мүшелері ел өміріндегі маңызды жаңалықтардан хабардар болудың, кәсіби білімді жетілдірудің және мәдени-ағартушылық қызметті дамытуға үлес қосудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараның мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттарды түсіндіру, қызметкерлердің ақпараттық сауаттылығын арттыру және өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу.
