Кітапхана туралы:
Кітапхана 1940 жылы 10000 дана кітаптан тұратын қалалық кітапхана қорымен құрылған. 1965 жылы Шоқан Уәлиханов есімі берілді.
Кітапхана 1940 жылы 10000 дана кітаптан тұратын қалалық кітапхана қорымен құрылған. 1965 жылы Шоқан Уәлиханов есімі берілді.
Кітапхананың жұмыс кестесі: сағат 10.00 – 19.00. Үзіліссіз.
Демалыс күні: жұма.
Айдың соңғы күні – тазалық күні.
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген белгілі медиаменеджер, «Қазақ газеттері» серіктестігінің Бас директоры Ержан Байтілес аймақтық журналистика ардагерлері мен бірқатар мерзімді басылымның бас редакторларымен кездесті.
Өткен келелі кездесуде дәстүрлі баспасөз бен жаңа медианың өзара ықпалдастығы, редакциялардың цифрлық трансформациясы, интернет аудиториясын қалыптастыру және басылымдардың мазмұндық саясатын заман талабына сай жетілдіру мәселелері кеңінен сөз болды. Қатысушылар...
ТолығырақКітапханада «Білім мен жаңашылдық тоғысқан орта: ұстаздық кәсіптің жаңа бейнесі» тақырыбында ұстаз сағаты өтті.
Іс-шараға «ALEM» кәсіби білім беру колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Жанғазы Аманкүл Бәкенқызы қатысып, оқырмандармен ұстаздық жолы, кәсіби тәжірибесі мен еңбек жолындағы жетістіктері туралы ой бөлісті. Ол ұстаздық мамандықтың маңыздылығы мен жауапкершілігі, білім беру саласындағы жаңашылдықтар жөнінде әңгімелеп, оқырмандарға тағылымды ойларымен бөлісті. Кездесу мазмұнды әңгіме...
ТолығырақШу аудандық мәдениет үйінде «Цифрлық дәуірде кітапхана рөлі: болашақ трендтер» тақырыбында облыстық форсайт-сессия өтті.
Іс-шараның мақсаты – кітапхананың қазіргі қоғамдағы рөлін айқындау, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін талқылау, сондай-ақ кітап оқу мәдениетін дамытудың жаңа бағыттарын қарастыру.
Форсайт-сессияны Шу ауданы әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы Сұлтанбаев ашып, қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Сессия модераторы – Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап...
Толығырақ